jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Атырауда екі катер соқтығысып, 9 адам зардап шекті (видео)

теңіз
Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/atyrauoill

3 шілдеде Атырауда Жайық өзенінде серуендеуге арналған екі катер соқтығысып, салдарынан 9 адам зардап шекті. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Бұл жайтқа қатысты облыстық полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, оқиға 3 шілде күні сағат 20:05 шамасында болған. Атыраудағы Жайық өзенінде серуендеуге арналған екі катер соқтығысып қалған.

"Бірінде 10 адам, екіншісінде 25 адам болған. Әр түрлі дене жарақатын алған 9 адам ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінен.

Облыстық ПД қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 344-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Атырауда екі катер соқтығысып, 9 адам зардап шекті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.