jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Маңғыстау атом энергетикалық комбинатындағы ЖЭС-те энергоблок жөнделді

    Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты
    Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты. Фото: maek.kz

    Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының Жылу электр станциясындағы №1 энергоблокты жөндеу жұмыстары аяқталып, сағат 5.51-де іске қосылды. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланды.

    "Жөндеу жұмыстары 4 шілдеде энергоблок қазандығы біраз уақыт суытылып тұрған соң сағат 21:50-де басталды. Жұмыс тәулік бойы MAЭК қызметкерлерінің күшімен жүргізілді.

    Кәсіпорынның қызметкерлері оқиға орын алған сәттен бастап энергоблок қазандығындағы жөндеу жұмыстарын тезірек қолға алып, қалпына келтіруге жұмылды.

    МАЭК мамандарының уақытында жедел іс-қимыл жасауының арқасында энергоблок жабдықтарына елеулі зақым келтірілген жоқ. Соның нәтижесінде, облыс орталығы мен Маңғыстау облысының елді мекендерінің тұрмыстық тұтынушыларын электрмен жабдықтау бойынша шектеулер болған жоқ.

    Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 3 шілдеде сағат 17:31-де қазандыққа беріліп тұрған тоқ деңгейінің күрт өсуіне байланысты "МАЭК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ЖЭС №1 энергоблогінде мәжбүрлі тоқтау орын алды.

    Жөндеу жұмыстары арнайы жасақталған кесте бойынша жүргізілді, дегенмен жөндеу жұмыстары жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталды.

    Маңғыстау атом энергетикалық комбинатындағы ЖЭС-те энергоблок жөнделді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.