Қарағанды облысында найзағай салдарынан басталған орман өрті дереу сөндірілді
Жарияланған күні:
Қарағандыда орман өрті дереу сөндірілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram арнасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"6 шілдеде сағат 11:25-те Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында әуеден барлау кезінде 0,001 га алаңда орман төсенішінің жанып жатқаны анықталды.
Өрт сағат 12:50-де ұлттық парк пен "Қазәуеорманкүзеті" күштерімен сөндірілді.
Өрттің алдын - ала себебі-найзағай разряды", - делінген хабарламада.
Айта кетелік, бұған дейін Абай облысындағы орман өртіне байланысты күдіктілер айтылған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2027784-qaragandy-oblysynda-naizagai-saldarynan-bastalgan-orman-orti-dereu-sondirildi/