Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысындағы орман өрті: "Семей-Орманы" резерваты мен Жаңа Шүлбі филиалының басшылығы күдікті ретінде танылды

Опубликовано:

Өрт сөндірушілер Абай облысындағы орман өртін сөндіруде
Өрт сөндірушілер Абай облысындағы орман өртін сөндіруде. Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бас прокуратура Абай облысындағы орман өрті фактілерін тергеу бойынша жаңа деректерді бөлісті. Бұл туралы Бас прокуратура Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, Абай облысындағы орман өрті фактілерін тергеу жалғасуда.

"Тергеу барысында "Семей-Орманы" резерваты мен Жаңа Шүлбі филиалының басшылығы күдікті ретінде танылды.

2023 жылғы 1 шілдеде олардың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі бойынша сараланды (абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу).

Олардың жасы мен денсаулық жағдайын ескере отырып, оларға "үйқамаққа алу" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеу жалғасуда, өрттің барлық ықтимал нұсқасы пысықталуда, олардың арасында қасақана өртеу, табиғатта ақауы бар техниканы пайдалану, найзағай разряды және басқалары да бар.

Сондай-ақ тексеру нәтижелері бойынша Төтенше жағдайлар және Экология және табиғи ресурстар министрлігінің лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне/әрекетсіздігіне құқықтық баға берілетін болады", - делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Айта кетейік, Абай облысындағы табиғи өрт 8 маусымда "Семей орманы" табиғи резерватына қарасты Батпаев орман шаруашылығының аумағында шыққан еді. Алдын ала болжам бойынша 0,3 гектар аумақта ағаштар жанған. Кейін өрт күшейіп, басқа да учаскелерге ойысқан.

Өрт салдарынан "Семей орманы" резерватының Новошульба филиалының 14 қызметкері қаза тапты.

11 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқиға орнына арнайы барып, өрттен қаза тапқан марқұмдардың жақындарымен тілдесіп, олардан кешірім сұрады. Сонымен қатар оларға жан-жақты көмек көрсетілетінін, зардап шеккен отбасыларға жеке жәрдемақы тағайындалатынын атап өтті.

Сондай-ақ президент өртке байланысты қозғалған қылмыстық іс аясында Бас прокуратураға уәкілетті органдар мен лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне нақты баға беруді тапсырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027165-abai-oblysyndagy-orman-orti-semei-ormany-rezervaty-men-zana-sulbi-filialynyn-bassylygy-kudikti-retinde-tanyldy/

pixel