jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Ақтөбеде үш жасар бүлдіршін бесінші қабаттан құлап кетті

    Терезе қасында отырған бала
    Терезе қасында отырған бала. Көрнекі фото: pexels.com

    Ақтөбеде үш жасар бүлдіршін бесінші қабаттан құлап кетті. Ауыр жарақат алған науқас қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер ес-түсін жоғалтқан баланы ажалдан арашалап қалу үшін қолдан келгенін жасауда, деп хабарлайды КТК арнасы.

    Телеарна мәліметінше, бала бесінші қабаттан құлап кеткенде ата-анасы да пәтерде болған екен. Бірақ қараусыз қалған бүлдіршіннің терезе алдына қалай шығып кеткені белгісіз. Қазір оны тәртіп сақшылары анықтап жатыр.

    Полицияның мәліметінше, шаһарда бүлдіршіндердің биіктен құлау дерегі жиілеген. Жыл басынан бері осымен алтыншы бала терезеден құлап кетіпті. Ал дәрігерлер үш жасар ұлдың жағдайы өте ауыр екенін айтады. Сондықтан қандай да бір болжам айтуға болмайды дейді дәрігерлер.

    "Баланы жансақтау бөліміне көтердік. Диагнозы бас миының жарақаты, мидың шайқалуы, гемопневмоторакс екі жағында, бауыры зақымдалған. Қазір баланың жағдайы өте ауыр. Ол өкпені жасанды тыныстандыру аппаратымен демалып жатыр", - деді Ана мен баланы қорғау орталығының бас дәрігері Ербол Жапақов.

    Айта кетейік, Көкшетауда 4-қабаттың терезесінен құлаған бала жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлаған едік.

    Дереккөз: КТК арнасы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.