Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында ер адам баланы құтқарам деп өзі суға батып кетті

Опубликовано:

көл
Көл. Көрнекі фото: instagram.com/aqmola_tjd

Ақмола облысында көлге батып бара жатқан баланы құтқармақ болған ер адамның өзі суға батып кетті. Бұл туралы Ақмола облыстық ТЖД Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға Щучье қаласындағы көлде болған.

Көлдің қарама-қарсы жағында суға батып бара жатқан баланы құтқармақ болған 1958 жылы туған ер адамның өзі суға батып кеткен. Десе де, ол баланы құтқарып қалған.

"Оқиға орнына келген құтқарушылар ер адамды жағаға алып шығып, жедел жәрдем келгенге дейін жүрекке массаж жасап, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Бірақ өкінішке қарай, ер адамды құтқару мүмкін болмады", – делінген хабарламада.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті облыстың тұрғындары мен қонақтарын судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды еске салды.

Айта кетейік, бұған дейін 20 жастағы павлодарлық студент Ертіс өзеніне батып кете жаздаған екі жасөспірімді құтқарып қалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2028733-aqmola-oblysynda-er-adam-balany-qutqaram-dep-ozi-suga-batyp-ketti/

pixel