Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басында ойнап жатыр деп ойладым": павлодарлық студент суға батып бара жатқан екі жасөспірімді құтқарып қалды

Опубликовано:

Асан Асайынов
Асан Асайынов. Фото: еке мұрағаттарынан алынған/pavlodarnews.kz

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің студенті Асан Асайынов Ертіс өзеніне батып кете жаздаған жасөспірімдерді құтқарып қалған. 20 жастағы жігіттің ерлігі жайлы Pavlodarnews.kz жазды.

Басылым жазуынша, оқиға 12 шілде күні орталық жағажайда болған.

Асанның айтуынша, жағалауда демалып жүрген кезде судағы екі жасөспірімнің әрекеті күдік тудырған.  

"Бастапқыда ұлдар ойнап жатыр деп ойладым", - дейді ол. 

Алайда кенет суға батып бара жатқан 15-16 жастағы жасөспірімдердің досы Асанға жүгіріп келіп, көмек сұраған. 

"Бірден ұлдарды құтқару үшін соларға қарай жүзе бастадым. Бір бала судың астына кете жаздады, бірақ оны шашынан ұстап, су бетіне шығарып үлгердім. Бірінші баланы құтқарған кезде екіншісі мені судың астына тарта бастады", – дейді Асан.

Дегенмен жас жігіт жасөспірімдердің суға кетуіне жол бермей, екеуін де судан аман алып шыққан. Жағаға шығарғаннан кейін екі бала есін жинай бастаған.

Жеткіншектерді құтқарып қалған Асанның сөзінше, сол сәтте ол өз өмірі үшін қорықпаған, бар ойы балаларды құтқарып қалу болған.

"Сол кезде олар мені өздерімен бірге судың астына алып кетеді деген ой болмады. Сол сәтте менің бар ойым оларды құтқарып қалу еді", - дейді ол.

Басылым жазуынша, Асан Асайынов бала кезінде де ағасын иттен қорғап, батылдық танытқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028582-basynda-oinap-zatyr-dep-oiladym-pavlodarlyq-student-suga-batyp-bara-zatqan-eki-zasospirimdi-qutqaryp-qaldy/

pixel