Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада веложарыс кезінде ер адам қаза тапты

Опубликовано:

Алматыда велошеруге байланысты жолдар жабылады
Көрнекі фото: Pixabay.com

Астанадағы Tour of Uly Dala туры кезінде ер адам қаза тапты. Оның жүрегі шыдамаған, деп хабарлайды Қазақстан велоспорт федерациясы Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

"Бүгін Астанада өтіп жатқан Tour of Uly Dala туры кезінде велошеруге қатысушылардың бірі трассадан шығып кетіп, қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша 1983 жылы туған ер адамның жүрегі шыдай алмаған", – деп хабарлады федерация өкілдері.

ҚВФ мәліметінше, жарыста кезекші жедел жәрдем бригадасы шұғыл көмек көрсеткенімен, өкінішке қарай, ер адамды құтқару мүмкін болмаған.

"Велошеруді ұйымдастырушылар марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Сондай-ақ біз велошеруді аяқтап, жексенбіде 16 шілдеге жоспарланған кезеңді тоқтату туралы шешім қабылдадық", – делінген хабарламада.

Tour of Uly Dala — велоспорт әуесқойлары мен ардагерлері арасындағы тас жол жарысы, ол екі кезеңде – 15 және 16 шілдеде Астанада өтуі тиіс болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2028792-astanada-velozarys-kezinde-er-adam-qaza-tapty/

pixel