Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында жол апатынан 7 адам қаза тауып, екі адам ауруханаға түсті

Опубликовано:

жол апаты болған жер
Жол апаты болған жер. Оқиға орнынан фото: t.me/POLICE_of_KZ

Атырау облысында Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолындағы жол апаты салдарынан 7 адам қаза тапты. Бұл туралы ІІМ-нің Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасы хабарлады.

Атырау облысық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 16 шілде күні сағат 15:00 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 82-километрінде болған.

Анықталғандай Chevrolet Cobalt көлігі қарсы бағытта келе жатқан Toyota Ipsum көлігіне соқтығысқан.

Соққы салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы, Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі мен 1 жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, 2 жолаушысы түрлі дене жарақатымен Жылыой аудандық ауруханасына жеткізілген.

Құзырлы орган қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттары жинақталып жатқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ полиция өкілдері көлік жүргізушілерін жолда аса сақ болуға, жылдамдақты асырмауға шақырды.

"Құрметті тұрғындар, көлік жүргізушілері, жолаушылар! Жол апатының арты ауыр зардаптарға әкеп соқтырады! Өзіңіздің және өзгенің өмірі мен денсаулығына немқұрайлы қарамаңыз!

Аталған екі автокөліктің жүргізушілері бұрын бірнеше рет көлік жылдамдығын шамадан тыс арттырғаны үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды", - дейді Атырау облысы полиция департаменті жанындағы патрульдік ротасының командирі полиция капитаны Әділбек Шахметов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2028860-atyrau-oblysynda-zol-apatynan-7-adam-qaza-tapty/

pixel