Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бірнеше адам ауыр халде: Түркістан облысындағы ірі жол апатынан қаза тапқандар саны 10 адамға жетті

Опубликовано:

Түркістан облысындағы жол апаты
Түркістан облысындағы жол апаты. Видеодан кадр: youtube.com/@newsKTK

Түркістан облысындағы қайғылы жол апатынан қаза тапқандар саны 10 адам адамға жетті. Ауыр жарақат алған 49 жастағы тұрғын ота үстінде көз жұмды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Телеарна мәліметінше, Бәйдібек ауданында жоғары жылдамдықпен келе жатқан үш көлік соқтығысып, 9 адам өртеніп кеткен. Зардап шеккен 14 адам ауруғханағ жеткізілген. .

Ірі жол апаты Бәйдібек ауданындағы Екпінді мен Шаян ауылдарының арасындағы жолда таңғы сағат 9-да болған. Қос көлік қана сиятын тар жолда Ниссан жеңіл көлігі қарсы бағытқа шығып, Созақ ауданынан келе жатқан жолаушылар толы шағын автобуспен бетпе-бет соғылған. Оларға арт жақта келе жатқан тағы бір Тойота соқтығысып, үш көлік те сол мезетте отқа оранған.

Телеарна дерегінше, өрт сөндірушілер жетем дегенше 9 адам лаулаған техниканың ішінен шыға алмай қалған. Тірі қалған 15 жолаушы іргедегі Шаян ауылындағы орталық ауруханаға жеткізілген. Есін енді жиған 20 жасар Алуа Созақ ауданынан Шымкентке әке-шешесімен қыдырып шыққанын айтты.

"Қатты жылдамдықта келе жатып ойнақтады, жол бойы. Сосын қарама-қарсы көлік келіп қалды да сол авария болды. Бірінші спринтерден шықты, сосын барып жеңіл көлікке тиді. Жеңіл көлікте адам болған. Адаммен бірге өртеніп кетті, көз алдымда. Аударылған кезде терезеден шығып кеттім. Екі рет пе аударылды. Қасымдағы адамдардың көбісі шыға алмады", - деді Созақ ауданының тұрғыны Алуа Байділдәқызы.

Телеарна мәліметінше, ауруханаға жеткізілгендердің басым көпшілігі Созақ ауданының тұрғындары екен. Таңертеңнен бері облыстан санавиациямен алдырылған 11 маман науқастарға ота жасап жатыр. Көп қан жоғалтқан 49 жастағы тұрғын операция кезінде көз жұмды. Ауыр жарақат алған тағы бірі өмір мен өлімнің арасында арпалысып жатыр. Қазір жансақтау бөлімінде жатқан 5 адамның төртеуі 6 мен 11 жас аралығындағы балалар.

"Жарақаттардың барлығы негізінде бас мидың жабық жарақатары, сүйектердің сынуы, сосын кеуде клеткасына және іш құрылысының жабық соққы жарақаттары", - дейді Бәйдібек аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Бексұлтан Рысбеков.

Телеарна ақпаратынша, жол апаты болған аумаққа қазір ешкім жіберілмейді. Полицейлер жолды жауып, өзге көліктерді кері қайтарып жатыр. Жол апаты орын алған соң Екпінді мен Шаян ауылдарының ортасындағы облыстық маңызы бар жолдың 7 шақырымы жабылды. Қазір мұнда облыс пен ауданнан келген анықтаушылар мен тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Сондықтан бұл жолмен әзірге ешкім жүре алмайды.

"Алдын ала анықтаған себебі Ниссан Х трейл автокөлігі қарсы бағытқа шығып, Фольксвагене автокөлігімен соғысқан. Қазір, он адамның өмірін жалмаған жол апаты бойынша бір баппен қылмыстық іс қозғалды", - деді Түркістан облыстық ПД бастығының орынбасары Бағланбек Айтпаев.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2028999-birnese-adam-auyr-xalde-turkistan-oblysyndagy-zol-apatynan-qaza-tapqandar-sany-10-adamga-zetti/

pixel