Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұздағы автогаз құю бекетінде шыққан өрт: жас жігіттің денесі табылды

Жарияланған күні:

Өрт сөндірушілер Екібастұздағы автогаз бекетінен шыққан өртті сөндіруде
Өрт сөндірушілер Екібастұздағы автогаз бекетінен шыққан өртті сөндіруде. Оқиға орнынан фото: t.me/qr_tjm

Екібастұз қаласындағы автогаз құю бекетінде шыққан өртті сөндіру жұмыстары кезінде цистернаның жанынан жас жігіттің денесі табылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 26 шілдеде сағат 13:24-де Екібастұз қаласы Қонаев көшесінде орналасқан автогаз құю бекетінде өрт шыққан. Яғни, сол жердегі 4 цистерна жанған.

Оқиға орнында шамамен 40 газ баллоны болған.

Сондай-ақ өрт жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне ойысып, салдарынан шамамен 200 шаршы метр аумақтағы шатыр, сонымен қатар 20 шаршы метр аумақтағы су мұнарасының шатыры жанған.

Өрт сағат 15:00-де оқшауланып, 15:44-те толық сөндірілген. Өрт сөндіру жұмыстары кезінде сағат 15:22-де цистернаның жанынан жас жігіттің денесі табылған.

ТЖМ қазіргі таңда марқұмның жеке басы және оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын атап өтті.

"Жеке сектор жолдың арғы жағында 100 метрден аса қашықтықта орналасқан. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілген жоқ", - деп хабардар етті ТЖМ өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2030172-ekibastuzdagy-avtogaz-beketinen-syqqan-ort-er-adamnyn-denesi-tabyldy/