Балқашта бір жасар сәби екінші қабаттың терезесінен құлап кетті
Жарияланған күні:
Читать на русскомБалқаш қаласында бір жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Сәби ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Ekaraganda сайты.
Басылым мәліметінше, оқыс оқиға бүгін 6-шағынауданда болған.
Үлкендердің қарауынсыз қалған бір жасар бала бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы терезеден құлап кеткен. Сәби ауруханаға жатқызылған.
Осы орайда Қарағанды облыстық ТЖД ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.
Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданындағы балабақшалардың бірінде бүлдіршіннің терезеден құлап кеткенін жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2030195-balqasta-bir-zasar-sabi-ekinsi-qabattyn-terezesinen-qulap-ketti/