Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балқашта бір жасар сәби екінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Опубликовано:

Терезеден қарап тұрған бала
Терезеден қарап тұрған бала. Көрнекі фото: pexels.com

Балқаш қаласында бір жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Сәби ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Ekaraganda сайты.

Басылым мәліметінше, оқыс оқиға бүгін 6-шағынауданда болған.

Үлкендердің қарауынсыз қалған бір жасар бала бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы терезеден құлап кеткен. Сәби ауруханаға жатқызылған.

Осы орайда Қарағанды облыстық ТЖД ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданындағы балабақшалардың бірінде бүлдіршіннің терезеден құлап кеткенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2030195-balqasta-bir-zasar-sabi-ekinsi-qabattyn-terezesinen-qulap-ketti/

pixel