Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тәрбиеші жұмыстан шығарылған": ШҚО-да балабақша терезесінен бүлдіршін құлап кетті

Опубликовано:

Терезе
Көрнекі сурет: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында балалардың бірі балабақшаның терезесінен құлап кеткен. Осы оқиғадан кейін тәрбиеші жұмыстан шығарылды. Бұл туралы YK-news.kz хабарлады.

Басылым мәліметінше, оқыс оқиға 11 шілдеде Алтай қаласындағы балабақшалардың бірінде болған.

Алтай ауданының білім бөлімінде төтенше жағдай туралы мән-жайды айтып берді.

"Ішкі тексеру барысында тәрбиеші ұйқы сағаты кезінде құжаттарды басып шығару үшін топтан шығып кеткені анықталды. Ол кезде топта тәрбиешінің көмекшісі бөлмені жинап жатқан.

Өкінішке қарай, қызметкер баланың қалай оянып, өз бетімен дәретханаға барғанын естімеген. Салдарынан оқыс оқиға болды", — деді Алтай аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ольга Рогожина.

Бала ауруханаға жатқызылып, бір аптадан кейін үйіне жіберілді. Медициналық қорытындыға сәйкес, құлағанда бала құрсақ қуысында көгерген жарақат алған.

"Міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін тәрбиеші жұмыстан босатылды. Тәрбиешінің көмекшісіне қатаң сөгіс жарияланды", — деп қосты Рогожина.

Сондай-ақ зардап шеккен сәбидің ата-анасында балабақшаға қатысты талап-арызы жоқ екені атап өтілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2030075-tarbiesi-zumystan-sygarylgan-sqo-da-balabaqsa-terezesinen-buldirsin-qulap-ketti/

pixel