jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Ұлытау облысында жол апатынан 5 адам қайтыс болды

    Жол-көлік апатына ұшыраған көлік
    Жол-көлік апатына ұшыраған көлік. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

    27 шілдеде Жезқазған-Қарағанды тас жолында Toyota 30 автокөлігі мен жүк көлігі соқтығысқан. Салдарынан жүргізуші мен 4 жолаушы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарланды.

    27 шілдеде шамамен сағат 15:20 Жезқазған-Қарағанды тас жолында Toyota 30 автокөлігі мен жүк көлігі соқтығысқан.

    Жол-көлік апаты салдарынан Toyota-ның жүргізушісі мен 4 жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды.

    Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процесуалдық шешім қабылданады.

    Полиция көлік жүргізушілеріне жолдағы сақтық шараларын естен шығармауды ескертеді.

    Еске сала кетейік, бұған дейін 26 шілдеде Алматы облысында екі Toyota көлігі соқтығысқаны туралы жазған едік. Жол апаты салдарынан 5 адам қайтыс болды.

    Toyota Corolla маркалы көліктің 29 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.

    Апат салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы алған (оның ішінде біреуі бала) жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Сондай-ақ жол апатынан төрт зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілген, оның ішінде кәмелетке толмаған бала бар.

    Ұлытау облысында жол апатынан 5 адам қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.