Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда апатқа ұшыраған қазақстандықтар: зардап шеккендердің тағы бірі көз жұмды

Опубликовано:

Науқас пен дәрігер
Науқас пен дәрігер. Көрнекі фото: pexels.com

31 шілде күні Түркияда шағын автобус жол апатына ұшыраған еді. Кеше, 2 тамызда зардап шеккен тағы бір қазақстандық әйел ауруханада көз жұмды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Түркиядағы медицина қызметкерлері мәліметінше, кеше түнде Алания мемлекеттік ауруханасында Қазақстан Республикасының тағы бір азаматы қайтыс болды. Қазір марқұмның туыстары ауруханада. Оларға барлық қажетті көмек көрсетілуде. Құжаттарды рәсімдеу аяқталғаннан кейін марқұмның денесі Қазақстанға жіберіледі", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Сондай-ақ ведомство мәліметінше, бұған дейін қайтыс болған ер адамның денесі Қазақстанға жеткізілген.

Түркиядағы шағын автобустың апатқа ұшырауы

30 шілде күні БАҚ беттерінде Түркияда қазақстандық туристер мінген шағын автобус апатқа ұшырады деген ақпарат тараған болатын. Хабарламада жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқан адамдар бар екені айтылған.

Жергілікті NTV басылымы ақпаратынша, Алания аумағында туристер мінген шағын автобус пен жүк көлігі соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан 12 адам жарақат алып, гид пен жүргізуші қаза тапқан.

31 шілде күні бұған қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі пікір білдіріп, шағын автобуста Қазақстан азаматтары болғанын растады.

Сондай-ақ 1 тамыз күні Сыртқы істер министрлігі Түркияда таяуда болған жол апаты салдарынан зардап шеккен алты қазақстандық елге оралатыны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2031135-turkiyada-apatqa-usyragan-qazaqstandyqtar-zardap-sekkenderdin-tagy-biri-koz-zumdy/

pixel