Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қоймалардан шыққан өрт сөндірілді

Опубликовано:

Өрт сөндірушілер28
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматының Жетісу ауданындағы қоймалардан шыққан өрт сөндірілді. Бұл туралы ТЖМ Telegram арнасында хабарланды.

Ведомствоның мәліметінше, ірі өрт сағат 12:22-де сөндірілген. Қызыл жалын салдарынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілер өрттің көрші құрылыстарға таралуына жол бермеді.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамның 120 адамы және 33 техникасы, сондай-ақ су тасу үшін Алматы қаласының коммуналдық қызметтері мен құтқару қызметінің 7 су тасығышы жұмылдырылды.

Өрт орнында ІІМ қызметкерлерінің қатарынан қоршау қойылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2032220-almatyda-qoimalardan-syqqan-ort-sondirildi/

pixel