Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төртеуі ауруханада, бес адам іздестірілуде": Қарағанды облысындағы шахтадағы өртке қатысты жаңа дерек шықты

Опубликовано:

Шахта
Шахта. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасындағы өртке қатысты жаңа мәліметтер шықты. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі ресми сайтында хабарлады.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, жер астында өрт болған "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасынан 222 қызметкер жер бетіне шығарылған. Бес адамды іздестіру жұмысы жалғасуда.

Алдын ала ақпарат бойынша, апат орнында 13 адам дәрігерлерге жүгінген. Олар бас ауруы, жөтелге шағымданған. Қазіргі уақытта олардың төртеуі ауруханаға жатқызылған. Екеуі Шахтинск орталық ауруханасына, екеуі облыстық медициналық орталыққа.

Еске сала кетейік, бүгін, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді.

Өрт кезде жер астында 227 адам болған. Жұмысшыларды эвакуациялау қапталдағы оқпан арқылы жүргізілді.

Қазіргі таңда оқиға орнында "КӘАҚҚ" РО бөлімшесі және ТЖД қызметкерлері жұмыс істеуде. Сонымен қатар оқиға орнында облыс әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин мен Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбеков бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2032863-13-adam-darigerlerdin-komegine-zugindi-qaragandy-oblysyndagy-saxtadagy-ortke-qatysty-zana-malimet-syqty/

pixel