Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында көліктің дөңгелегі жарылып, апатқа ұшырады: үш адам көз жұмды

Опубликовано:

Апатқа ұшыраған көлік
Апатқа ұшыраған көлік. Фото: Polisia.kz

Түркістан облысында жол апатына ұшыраған Toyota Alphard көлігінің жүргізушісіне қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталында хабарлады.

Түркістан облысында жол апатына ұшыраған Toyota Alphard көлігінің жүргізушісіне қатысты тергеу басталды

"18 тамыз таңғы сағат 05:00 шамасында Шымкент – Самара тас жолының 58-шақырымында жол апаты болды.

Оқиға орнына шыққан полицейлердің анықтауынша, Алматы қаласынан Қызылорда қаласына бет алған Армения нөмірлі Toyota Alphard автокөлігінің артқы дөңгелегі жарылып, жүргізуші рөлге ие бола алмай, жол жиегіне аударылып кеткен. Салдарынан 3 адам көз жұмды (2 адам оқиға орнында көз жұмса, біреуі ауруханада).

3 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ тексеру барысында көліктің дөңгелегі қыс мезгіліне арналғаны, яғни жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны анықталды. Одан бөлек техникалық жағдайы төмен дегейде болған.

Оқыс оқиға болар алдын жүргізушіге Түркістан, Жамбыл облысының патрульдік полиция қызметкерлері жолда сақ болуын, жылдамдықты асырмауын, егер шаршаған жағдайда аялдап тынығып алуын ескерткені белгілі болды.

Қазіргі уақытта аталған жайт Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары басталды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2033065-turkistan-oblysynda-koliktin-dongelegi-zarylyp-apatqa-usyrady-us-adam-koz-zumdy/

pixel