Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде жол апатынан кейін жүргізушіге көмектеспек болған ер адам көз жұмды

Опубликовано:

Жылқы
Жылқы. Көрнекі фото: pixabay.com

18 тамызда Ақтөбедегі Ақшат ауылы маңында жол апатына ұшыраған жүргізушіге көмектеспек болған ер адам қайтыс болды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, 18 тамызда Сhevrolet Lanos автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе-Родниковка автожолымен жүріп келе жатып, Ақшат ауылы маңында жолдан өтіп бара жатқан жылқыға соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізушіге көмек көрсету үшін екінші көліктің 46 жастағы жолаушысы жүгіріп келген.

Осы кезде басқа Nissan Note Hybrid автокөлігінің жүргізушісі жолда жатқан жылқыға соғылып, қозғалыс бағытын өзгертіп, көмекке келген ер адамды қағып кеткен", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында көліктің дөңгелегі жарылып, апатқа ұшыраған болатын. Салдарынан үш адам көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2033095-aqtobede-zol-apatynan-keiin-zurgizusige-komektespek-bolgan-er-adam-koz-zumdy/

pixel