Температура 45 градус ыстық: ТЖМ "Қазақстан" шахтасындағы жағдай туралы айтты
Жарияланған күні:
ТЖМ "Қазақстан" шахтасына қатысты соңғы ақпараттарды бөлісті. Бұл туралы министрліктің Telegram-дағы ресми арнасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Қазақстан" шахтасында сөндіру жұмыстары жалғасуда. Құрамында 28 тау-кен құтқарушысы бар КӘАҚҚ РШО бес бөлімшесі Д6 қабатының конвейерлік көмір беткейінде қалған өрт ошақтарын сөндіруде. Шахтадағы температура 45 С° құрайды", - делінген хабарламада.
Айта кетелік, 17 тамыз күні "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қарасты "Қазақстан" шахтасында өрт болып, бес адам қайтыс болды.
Аталған ұйым өрт кезінде қайтыс болған бес кеншінің аты-жөнін мәлімдеді.
Сондай-ақ компания 20 тамызды аза тұту күні деп жариялады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2033185-temperatura-45-gradus-ystyq-tzm-qazaqstan-saxtasyndagy-zagdai-turaly-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.