Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында 11 адам суға кеткен қайғылы оқиға: тоғызыншы адамның денесі табылды

Опубликовано:

Сырдария өзені
Оқиға орны. Фото: t.me/qr_tjm

ТЖМ Түркістан облысы Отырар ауданындағы Сырдария өзенінде суға батқандар туралы жаңа ақпарат жариялап, тоғызыншы адамның денесі табылғанын мәлімдеді. Бұл туралы ведомство Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

ТЖМ мәліметінше, суға батқан 11 адамның ішінен ТЖД күшімен 9 адамның, оның ішінде 3 әйелдің және кәмелетке толмаған 6 баланың денесі табылып, судан шығарылған, кәмелет жасына толмаған 2 баланы іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Ведомство іздеу жұмыстарына барлығы 150 адам, 18 техника, 2 дрон және 6 жүзу құралы жұмылдырылғанын атап өтті.

"Тек шомылуға рұқсат етілген жерлерде суға түсіңіздер! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар! Мас күйінде суға түсуге тыйым салынады", - деп ескертті ТЖМ өкілдері.

Сондай-ақ ТЖМ оқиға орнынан суреттер жариялады.

Еске салайық, оқыс оқиға 21 тамызда Түркістан облысы Отырар ауданы, Көксарай елдімекенінен 3 шақырым жерде Сырдария өзенінде болды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 11 адам суға түсуге арналмаған жерде суға түсіп, батып кеткен.

ТЖД ақпаратынша, суға кеткендер - өзен жағасына демалуға келген 20 адамнан құралған 4 отбасының мүшелері.

ТЖД бастапқыда олардың алтауының денесі табылғанын, кейін тағы екі адамның денесі табылғанын, үш адамды іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлаған болатын.

Сонымен қатар ТЖД қосымша анықталған мәліметтерге сәйкес, денесі табылған сегіз адамның алтауы кәмелет жасына толмағандар екенін, ал іздестіріліп жатқан үш адамның екеуі кәмелет жасына толмағанын атап өтті.

Бұдан бөлек Түркістан облыс әкімдігінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты жаңа мәліметті бөлісіп, отбасы мүшелерінің суға шомылуға арнайы бармағанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2033469-syrdariya-ozenindegi-qaigyly-zagdai-suga-batqan-togyzynsy-adamnyn-denesi-tabyldy/

pixel