11 адам суға кеткен Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға: соңғы адамның денесі табылды
Жарияланған күні:
Түркістан облысы Сырдария өзенінде батып кеткен соңғы яғни, 11-ші адамның денесі табылды. Бұл туралы еліміздің Төтенше жағдайлар департаменті Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
"Бүгін сағат 14:56-да Сырдария өзенінен 21 тамызда суға батып кеткен қыз баланың денесі табылды. Бұл күні барлығы 11 адам суға батып кетті, оның ішінде сегізі кәмелет жасына толмағандар.
ТЖМ өз қауіпсіздігіңіз бен балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға болмайды", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, оқыс оқиға 21 тамызда Түркістан облысы Отырар ауданы, Көксарай елдімекенінен 3 шақырым жерде Сырдария өзенінде болған еді.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 11 адам суға түсуге арналмаған жерде суға түсіп, батып кеткен.
ТЖД ақпаратынша, суға кеткендер өзен жағасына демалуға келген 20 адамнан құралған 4 отбасының мүшелері.
Кейін Төтенше жағдайлар министрлігі Сырдария өзеніне батып кеткен 11 адамның жасы туралы мәлімет таратты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2033655-turkistan-oblysy-syrdariya-ozeninde-batyp-ketken-11-si-adamnyn-denesi-tabyldy/