Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда екі көліктің үстіне ағаш құлады (фото)

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: ТЖД баспасөз қызметі

Бүгін түс кезінде Алматының Алмалы ауданында ағаш бірден екі көліктің үстіне құлады. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ТЖД мәліметінше, Алмалы ауданында Әди Шәріпов көшесінде бүгін, 24 тамызда сағат 13:05-те ағаш екі көліктің үстіне құлады. Тиісті хабарлама жолдан өтіп бара жатқан тұрғындардан келген.

Оқиға орнын тазарту үшін Алматы қаласы әкімдігінің құтқару қызметі жіберілді. Сондай-ақ ведомство зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ деп хабарлады.

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: ТЖД баспасөз қызметі

Еске салайық, мамыр айында Алматыдағы мейрамханалардың бірінің жазғы алаңының аумағына ағаш құлаған еді. Сол сәтте мейрамханаға келушілер болған. Сол кезде де қала әкімдігінің баспасөз қызметі зардап шеккендер болмағанын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2033870-almatyda-eki-koliktin-ustine-agas-qulady-foto/

pixel