Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда автокөлік адамдар тұрған аялдамаға соқтығысқан: зардап шеккендер бар

Опубликовано:

жол белгісі
Жол белгісі. Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде автобус аялдамасының қирағаны мен адамдардың зардап шеккені туралы видео пайда болды. Видео авторының айтуынша, оқиға аялдамаға автокөліктің жылдамдықпен соқтығысуы салдарынан болған. Жағдайға қатысты Алматы қалалық ПД пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ZTB QAZAQSTAN Telegram-арнасы автобус аялдамасының сынғаны, зардап шеккендердің оқиға орнында жатқаны түсірілген видео жариялады. Видео авторы автокөліктің Абылай хан көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысында адамдар тұрған аялдамаға соғылғанын айтады.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінен NUR.KZ тілшісіне хабарлағандай, бүгін, 28 тамызда, сағат 12:20-да жүргізуші (1987 жылы туған азамат) "Мерседес" автокөлігін айдап Абылай хан көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан.

Кейін жүргізуші Райымбек даңғылына қарай солға бұрылғанда рөлді басқара алмай қалып, аялдамаға соқтығысқан.

"Осы жол апатының салдарынан аялдамада болған 7 адам зардап шекті. Олар қаланың емдеу мекемелеріне жеткізілді", - делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы фактісін Алмалы ауданы ПБ қызметкерлері тіркеп, өндіріске алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2034269-almatyda-avtokolik-adamdar-turgan-ayaldamaga-soqtygysqan-zardap-sekkender-bar/