Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда адамдар тұрған аялдамаға автокөлік соғылды: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

Опубликовано:

Аялдамадағы жол апаты
Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/kris_p_alm

Бүгін Алматыда аялдамаға автокөлік соқтығысып, салдарынан 7 адам зардап шеккен болатын. Зардап шеккендердің арасында екі жасөспірім Балалар жедел жәрдем орталығына жеткізілді, деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бүгін, 28 тамызда түскі сағат 12-де Алматыда Абылай хан мен Райымбек көшелерінің қиылысында жеңіл автокөлік аялдамаға соқтығысты. Апат салдарынан жеті адам зардап шекті.

"Алматы қалалық жедел жәрдем ауруханасына түрлі дене жарақаттармен бес зардап шеккен адам жеткізілді. Тексеруден кейін үшеуі амбулаторлық емдеуге жіберілді. Бір науқаста ығысусыз сол жақ сан сүйегінің сынығы, сол жақ тобығының ығысусыз жабық сынығы анықталды.

Екінші науқастың миы шайқалған, сондай-ақ сол жақ жіліншік айдаршығының ығысқан жабық сынығы диагнозы қойылды. Олар травматология бөліміне жатқызылды", - делінген хабарламада.

Денсулық сақтау басқармасының дерегінше, Алматыдағы Балаларға жедел жәрдем көрсету орталығына зардарп шеккен екі жасөспірім жеткізілген. Барлық тексерудің қорытындысы бойынша екі бала да нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылды.

"15 жастағы балаға жабық бас-ми жарақаты, бас-сүйек миының шайқалуы, жұмсақ тіндердің көгеруі диагнозы қойылды.

16 жастағы екінші балада аралас жарақат, жабық бас-сүйек миының жарақаты, мидың шайқалуы, оң жақ жіліншіктің ортаңғы үштен бірінің жабық сынуы анықталды", - дейді дәрігерлер.

Еске салайық, бүгін әлеуметтік желілерде Алматыдағы аялдамалардың біріне автокөліктің соғылғаны, адамдардың зардап шеккені түсіріліген видео пайда болды. Алматы қалалық ПД оқиға салдарынан 7 адамның зардап шеккенін мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2034294-almatyda-adamdar-turgan-ayaldamaga-avtokolik-sogyldy-darigerler-zardap-sekkenderdin-zagdaiy-turaly-aitty/

pixel