Қызылорда маңында жол апатынан үш адам мерт болды
Жарияланған күні:
Қызылорда маңындағы тасжолда жол апатынан үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Telegram-дағы ІІМ ресми жаңалықтар арнасы.
Полицейлердің мәліметінше, жол апаты бүгін, 28 маусымда сағат 12:15 шамасында Қызылорда-Павлодар А17 тасжолының 120-сыншы шақырымында болған.
Анықталғандай, жеңіл автокөлікпен КаМАЗ жүк көлігі соқтығысқан. Салдарынан үш адам қаза тапқан.
"Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр", - дейді полиция өкілдері.
Айта кетейік, 23 тамызда Қызылорда облысында жеңіл автокөлік пен "Газель" соқтығысып, бес адам қайтыс болған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2034334-qyzylorda-manynda-zol-apatynan-us-adam-mert-boldy/