Қызылорда облысында жеңіл автокөлік пен "Газель" соқтығысып, 5 адам қайтыс болды
Жарияланған күні:
Бүгін Қызылорда облысының Шиелі ауданы Алмалы ауылының тұсында қайғылы жол апаты болып, салдарынан 5 адам қаза тапты. Бұл туралы ІІМ Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Ведомство мәліметінше, 23 тамызда сағат 16:00 шамасында Қызылорда облысының Шиелі ауданы Алмалы ауылының тұсында Газель және Nexiа автокөліктері соқтығысып, салдарынан 5 адам қайтыс болып, 3 адам жарақат алған.
"345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді Қызылорда облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Амитов.
Полиция қызметкерлері жолдардағы қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2033700-qyzylorda-oblysynda-bolgan-zol-apatynda-5-adam-qaitys-boldy/