Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда түнде ірі өрт болды (фото, видео)

Опубликовано:

өрт шыққан жер
Өртеніп жатқан ғимарат. Оқиға орнынан фото: instagram.com/almaty_tjd

Алматылық өрт сөндірушілер түнде Бостандық ауданы Нұрлытау шағын ауданында болған ірі өртті дер кезінде сөндіріп, жалынның сол жердегі үйлерге таралуына жол бермеді. Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

ТЖД мәліметінше, өрт сөндірушілер 2 қыркүйек күні түнгі сағат 23:13-те жоғары дәрежедегі шақырту бойынша Бостандық ауданы, Нұрлытау шағын ауданы, Нұртазин 1 мекенжайына шыққан.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер монша кешені аумағында ағаштан салынып жатқан екі қабатты ғимараттың лаулап жанып жатқанын анықтаған. Өрт 600 шаршы метр аумақты шарпыған.

"Жанып жатқан ғимарат толығымен ағаштан салынғандықтан, өрттің тез таралу қаупі туындады. Сонымен қатар өрттің жақын орналасқан екі тұрғын үйге таралу қаупі туындады. Көппәтерлі үйдің екінші және үшінші қабатындағы балкондардың қаптамасы жоғары температурадан ери бастады", - дейді ТЖД өкілдері.

Оқиға орнында екі өрт сөндіру учаскесі құрылып, өртті сөндіру және көрші үйлерді қорғау үшін оқпандар енгізілген.

"Өрт сөндірушілер қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жұмыс істеді. Келген РЭС-5 мамандары нысанды электр қуатынан ажыратты.

Бұл ықшам ауданда су көздері аз болғандықтан, өрт сөндіру жұмыстары күрделенді. Алайда барлау барысында өрт сөндірушілер гидранттарды тауып, автоцистерналарға орната алды, осылайша судың үздіксіз берілуін қамтамасыз етті. Сонымен қатар "Алматы СУ" суару техникасы жұмылдырылды", - дейді ТЖД өкілдері.

ТЖД ақпаратынша, өрт 00-27-де ауыздықталып, 01-20-да толықтай сөндірілген. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген. Өртт сөндіруге 66 адам, 22 техника және қаланың өзара іс-қимыл қызметтері жұмылдырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2035031-almatyda-tunde-iri-ort-boldy-foto-video/

pixel