Алматыда жаппай жол апаты кезінде оқиға орнынан қашып кеткен көлік жүргізуші іздестірілуде (видео)
Жарияланған күні:
Өткен түні Алматы қаласындағы Саин және Шаляпин көшелерінің қиылысында жаппай жол апаты болды. Жол апатына кінәлі болуы мүмкін көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция мәліметінше, Mercedes маркалы көліктің жүргізушісі Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып Шаляпин көшесімен қиылысқан тұста қашықтықты сақтамай, төрт көлікпен соқтығысқан: Nissan, Mercedes, Toyota және Chevrolet автокөліктері.
Полиция атап өткендей, кейін ол жол апаты болған жерден жаяу ізін суытқан. Қазіргі уақытта жүргізушінің жеке басы анықталған. Оны ұстау шаралары жүргізілуде.
Жол апаты салдарынан Nissan жүргізушісі мен жолаушысы зардап шеккен. Бұл фактіні Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қарауына алған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2035292-almatyda-zappai-zol-apaty-kezinde-oqiga-ornynan-qasyp-ketken-kolik-zurgizusi-izdestirilude-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.