Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да фура мен жеңіл автокөлік соқтығысты: екі ересек пен төрт бала қаза тапты (видео)

Опубликовано:

БҚО-дағы жол апаты
БҚО-дағы жол апаты. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Батыс Қазақстан облысында кеше, 17 қыркүйекте ірі жол апаты болып, салдарынан екі ересек адам, 4 бала көз жұмды. Бұл туралы Telegram-дағы ІІМ ресми арнасы хабарлады.

Ведомство мәліметінше, оқиға 17 қыркүйекте сағат 19:30 шамасында БҚО, Теректі ауданы, Бекей кентінің жанында Самара - Шымкент республикалық маңызы бар автожолының 290-шақырымында болды.

Ауыр жүк көлігі DAF фурасымен Lada Priora жеңіл көлігі соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды.

"Жол апаты салдарынан 6 адам қаза тапты. Олар: 34 және 33 жастағы ересек адамдар, 11, 12, 5, 1 жастағы кәмелетке толмаған балалар. Жүк көлігінің 37 жастағы жүргізушісі зардап шекті. Оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасап жатыр", -делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2036955-bqo-da-fura-men-zenil-avtokolik-soqtygysty-eki-eresek-pen-tort-bala-qaza-tapty-video/

pixel