Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сыммен байлап, отырғызып қойдық": Алматы облысында үш адамды өлтірді деген күдіктіні полицияға екі жігіт ұстап берген

Опубликовано:

Күдікті қамау сәті
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы облысында анасы мен оның кәмелетке толмаған екі баласын өлтірді деген күдіктіні полицияға екі жігіт ұстап берген. Олар күдіктіні қалай қолға түсіргенін КТК арнасына берген сұхбатында айтқан.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алматы облысында анасы мен оның кәмелетке толмаған екі баласын өлтіріп, кейін үйді өртеп жіберді деген күдікпен 42 жастағы Алматы қаласының тұрғыны ұсталғанын хабарлаған едік.

Телеарна ақпаратынша, бірнеше күннен бері полиция қызметкерлері іздестіріп жатқан күдіктіні көшеде кездейсоқ кетіп бара жатқан жігіттер ұстаған. Қырағы жігіттер күдіктіні қонақ үйден орын іздеп жүрген жерінен байқаған.

Яғни, дүкеннен шығып, жолдың қарсы бетіндегі қонақ үйге бет алған күдіктіні алдымен Рахат Хайфназаров байқаған. Досы дүкеннен шығам дегенше, өзі бірден бас салып жерге жыққан.

"Қонақ үйге көтеріліп, қайтып төменге қарай түсті (...) Арқасында асулы сөмкесі болды, сонда да, үрей болса да, тәуекел деп, сол жерде құлатып, мақсатым қолын қайырып ұстап беру болды", - дейді Рахат Хайфназаров.

Оның айтуынша, күдіктіні жерге жыққан сәтінде досы Олжас та көмекке жеткен. Ол үш адамның өліміне күдіктіні бірден танығанын айтады.

"Бізде де бағыт-бағдар бар ғой. Чаттардан келген, желілерден көрген. Ұстап алып түріне қарасам, шынымен де сол кісі екен. Дос балам өмірін қатерге тігіп, мен көмектесіп, сыммен байлап, бір жерге отырғызып қойдық", - дейді Олжас Кісенбай.

Телеарнаның қонақ үй әкімшілігінің мәліметіне сүйеніп хабарлауынша, күдікті қылмыс жасардың алдында бірнеше күн бөлме жалдап жатқан, ер адамның мінез-құлқы оғаш көрінген.

"Стрессте жүрді-ау деймін. Өйткені алақ-жұлақ етіп, ашулы. Біреумен ұрсысып қалған ба деп ойладық. Он екісі күні келіп қарызға сұрады. Ол кезде біз кіргізбедік. Бізге қырзға кіргізуге болмайды. Он үші күні түнде тағы келді. Онда ақшамен келді. Кәдімгі рюкзагы бар, ақшамен кірді", - дейді қонақ үй қызметкері Хадиша Шәкенова.

Телеарна дерегінше, түсте қонақ үйден шыққан соң, кешке дейін келмеген. 14 қыркүйек күні жантүршігерлік қылмыс жасалған.

14 қыркүйекте Алматы облысы Береке саяжайындағы үй өртеніп жатқаны жөнінде ТЖД-ға хабар жеткен. Құтқарушылар өртті бір сағатта сөндіріп болған соң, үйден денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар 1981 жылғы әйел мен оның 13 және 7 жастағы балаларының денесі табылған.

Телеарна ақпаратынша, күдікті марқұм келіншекпен бірге тұрған.

Қазіргі таңда Алматы облыстық полиция департамені бұл іске қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2037129-symmen-bailap-otyrgyzyp-qoidyq-almaty-oblysynda-aiel-men-eki-balanyn-olimine-kudiktini-policiyaga-eki-zigit-ustap-bergen/

pixel