"Жеңіл көлік асфальт катогімен соқтығысқан": Ақтөбе облысында жол ұйымының төрт қызметкері мерт болды
Жарияланған күні:
Ақтөбе облысында жол ұйымының төрт қызметкері жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Telegram-дағы ІІМ ресми жаңалықтар арнасы.
Ведомство мәліметінше, жол апаты 18 қыркүйек күні сағат 23.30 шамасында Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Елек аулының маңында, Ақтөбе-Астрахань автожолының жол-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жабық учаскесінде болған.
Анықталғандай, Lada Granta автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі жол-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жолдың жабық учаскесіне шығып кетіп, сол жерде тұрған асфальт катогімен соқтығысқан.
Салдарынан жүргізуші мен оның үш жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған.
Қаза тапқандардың барлығы сол учаскеде жол-құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымның қызметкерлері болып шыққан.
Қазіргі таңда аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2037189-aqtobe-oblysynda-zol-uiymynyn-tort-qyzmetkeri-zol-apatynan-mert-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.