Түнде Алматыдағы Тастақ ауданында өрт шықты (фото)
Жарияланған күні:
Бүгін түнде Алматыдағы Брусиловский көшесінде орналасқан құрылыс дүкені өртенді. Оқиға орнына дер кезінде келген өрт сөндірушілер жалынның одан әрі таралуына жол бермеді, деп хабарлайды қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметі.
ТЖД мәліметінше, өрт түнгі сағат 02.29 шамасында Брусиловский көшесінде орналасқан жеке үйдің аумағынан шыққан. Анықталғандай, жеке үйдің ауласында орналасқан құрылыс дүкені өртенген.
"Өрт 290 шаршы метр аумақты қамтып, үйдің шатырына тарады. Өрт сағат 03:51-де толығымен жойылды", - дейді ТЖД өкілдері.
Сондай-ақ өрт сөндіру кезінде өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы қолынан жарақат алып, дәрігерлердің қарауынан кейін кейін үйіне жіберілген.
ТЖД қазіргі уақытта өрт сөндірушінің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрмағынын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айының басында Алматыдағы аудандардың бірінде монша кешені аумағынан өрт шыққан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2037921-tunde-almatydagy-tastaq-audanynda-ort-syqty-foto/