jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ЖТ
    Жұлдыз Тілебалды
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада оқушы мектеп баспалдағынан құлап, ауруханаға түсті

    Оқушылар
    Оқушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Елорда мектептерінің бірінде оқушы баспалдақтан құлап, ауыр жарақат алған. Бұл жайтқа қатысты Астана қалалық білім басқармасы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Астанадағы мектепте болған оқиға туралы "НеМолчиKZ" қорының жетекшісі Дина Смаилова өзінің Instagram парақшасында жазды.

    Оның айтуынша, бала мектеп баспалдағынан құлап, басынан, көзінен жарақат алған, сүйектері сынған. Сондай-ақ үш күн бойы жансақтау бөлімінде комада жатқан.

    Елордалық білім басқармасы оқушының екінші қабатқа көтеріліп бара жатып, баспалдақтан құлап кеткенін NUR.KZ тілшісіне растады.

    "Баланың айтуынша, оны сыныптасы итеріп жіберген. Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылған. Оқушы қалалық балалар ауруханасында жатыр. Есін біледі, жағдайы тұрақты. Комаға түскен жоқ. Мектепте баспалдақ сүйеніштері бар", - деп хабардар етті білім басқармасынан.

    Сондай-ақ білім басқармасы аталған оқиғаға байланысты мектеп директорына қатысты шара қолдануды қарастырып жатқанын атап өтті.

    Астанада оқушы мектеп баспалдағынан құлап, ауруханаға түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.