Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мопед жүк көлігімен соқтығысты: жасөспірім қайтыс болды (видео)

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орнында жылаған әйел. Видеодан кадр: instagram.com/krispi_kazakhstan

Дүйсенбі, 25 қыркүйекте Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан жасөспірім көз жұмды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын айтты деп, хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram әлеуметтік желісінде krispi_kazakhstan парақшасында пайда болды. Кадрда әйелдің апатқа ұшыраған мопедтің жанында жылап жатқанын көруге болады.

Алматы полиция департаменті жол апатының таңғы сағат 10.00-де Алатау ауданында болғанын хабарлады.

"Бұрындай көшесімен шығыс бағытта келе жатқан Shacman өзі аударғыш жүк көлігінің жүргізушісі Бағаналы Орда көшесінің қиылысында оңға бұрыла берісте, Бұрындай көшесімен қарсы бағытта келе жатқан 2006 жылы туған кәмелетке толмаған баланың басқаруындағы мопедпен соқтығысқан. Салдарынан мопед жүргізушісі алған дене жарақатынан оқиға орнында қаза тапты", - делінген хабарламада.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2038105-almatyda-moped-zuk-koligimen-soqtygysty-zasospirim-qaitys-boldy-video/

pixel