Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда әйелдің басын кесіп алды деп айыпталған ер адамға сот үкімі шықты

Жарияланған күні:

судья балғасы
Судья балғасы. Көрнекі фото: pexels.com

Алматыда әйелдің басын кесіп алды деп айыпталған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сот үкімімен 61 жастағы ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 12 сәуірде Алматыдағы қараусыз қалған ғимараттың жанынан басы кесілген әйелдің денесі табылған болатын. Кейін марқұмның басы салынған пакет базар маңындағы дүкендердің бірінен табылған еді.

24 сәуірде марқұмды өлтірді деген күдікпен 1962 жылғы азамат ұсталды.

Полиция оның жәбірленушімен бірнеше күн ғана таныс болғанын, ал қылмыс жанжал кезінде жасалғанын хабарлады. Бұл факті бойынша іс шілде айының соңында сотқа жіберілді.

Тамыз айында алғашқы сот отырысында іске қатысты тың мәліметтер айтылды.

Сондай-ақ сот отырыстарының бірінде күдікті марқұмды өзі өлтірмегенін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2038645-almatyda-aieldin-basyn-kesip-aldy-dep-aiyptalgan-er-adamga-sot-ukimi-syqty/