Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да автокөлік ағашқа соқтығысты: екі адам көз жұмды

Опубликовано:

Ағашқа соғылған көлік
Ағашқа соғылған көлік. Көрнекі фото: pixabay.com

30 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысында Mercedes көлігінің жүргізушісі көліктің бағытын түзей алмай, ағашқа соқтығысты. Апат салдарынан екі адам көз жұмып, бір зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы "Мой город" порталында хабарлады.

Басылымның облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлауынша, 30 қыркүйек күні Деркөл ауылында Даля көшесінде 29 жастағы жүргізуші Mercedes маркалы автокөлікті басқара алмай, ағашқа соқтығысқан.

Оқыс оқиға салдарынан жүргізуші мен 58 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

"33 жастағы екінші жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді. Көлік арнайы тұраққа қойылды", – делінген ведомствоның хабарламасында.

Басылым мәліметінше, аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2038949-bqo-da-avtokolik-agasqa-soqtygysty-eki-adam-koz-zumdy/

pixel