Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да найзағай 100 шақты орам пішенді жойып жібере жаздады (фото)

Опубликовано:

Жанып жатқан орам шөп
Оқиға орны. Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Кеше, 30 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысында найзағай ұрып, 100 орам пішен өртенген. Өрт сөндірушілер мен шаруа қожалықтарының иелері 600 орам пішенді өрттен аман алып қалды, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"30 қыркүйекте Ұлан ауданы Сағыр ауылынан 17 шақырым жерде қашықтықта орналасқан шаруа қожалығының аумағында найзағай ұрып, бір жерге үйілген 100 шақты орам пішен өртенді", – делінген хабарламада.

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндіру қызметінің бірнеше бөлімше қызметкерлері және жергілікті шаруа қожалықтарының иелері 180 тонна (600 орам) пішенді өрттен аман алып қалған.

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Ведомствоның мәліметінше, оқыс оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінде пішенді сақтау ережелерін еске салды:

  • пішен, жем-шөп кесектері мен т.б. үймелер электр беру желілерінен кемінде 15 метр қашықтықта, жолдардан кемінде 20 метр қашықтықта, ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта орналастырылуға тиіс;
  • кесек шөптерді және т.б. жанғыш заттар мен материалдарды қоралардың, шаруашылық құрылыстардың шатырында, электр желілерінің астында үймелеп сақтауға болмайды, сонымен қатар кесек шөптер мен өзге де жанғыш заттар учаскенің сыртқы қоршауынан кемінде үш метр қашықтықта орналастырылуы керек;

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінде өрт болған жағдайда дереу 101 немесе 112 телефон нөміріне қоңырау шалу керектігін атап өтті.

Еске сала кетейік, 26 қыркүйек күні кешке жақын Павлодар облысындағы картоп жемісі сақталған ангарлардың бірінен ірі өрт шыққаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2038958-sqo-da-naizagai-100-saqty-oram-pisendi-zoiyp-zibere-zazdady-foto/

pixel