Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында жол апаты салдарынан бір адам көз жұмды

Опубликовано:

жаяу жүргінші жолағы
Жаяу жүргіншілер жолағы. Көрнекі фото: pixabay.com

Жетісу облысында 5 қазанға қараған түні жеңіл көлік жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында.

Ведомствоның хабарлауынша, оқыс оқиға 5 қазанға қараған түні Көксу ауданында болған.

Mazda көлігінің жүргізушісі - 45 жастағы әйел Алматы - Өскемен тас жолында жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Жол-көлік апаты салдарынан 53 жастағы ер адам оқыс оқиға орнында мерт болды.

Ведомствода көлік арнайы автотұраққа қойылғанын, сондай-ақ жол апаты бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін 30 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысында Mercedes көлігінің жүргізушісі көліктің бағытын түзей алмай, ағашқа соқтығысқаны туралы жазған едік.

Апат салдарынан екі адам көз жұмып, бір зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2039788-zetisu-oblysynda-zol-apaty-saldarynan-bir-adam-koz-zumdy/

pixel