jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Астанада "Ирина Кайратовна" тобының концертінде мобилограф жігіт қайтыс болды

    жедел жәрдем көлігі
    Жедел жәрдем. Көрнекі фото: pixabay.com

    Астанада "Ирина Кайратовна" тобының концертінде 21 жастағы мобилограф жігіт қайтыс болды. Ұйымдастырушыларға концертті тоқтатуға тура келген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Желіде концерт кезіндегі жайттың видеосы тарап кетті. Кадрдан диджейдің қасында тұрған жас жігіттің бір сәтте құлап түскенін байқауға болады. Куәгерлердің айтуынша, марқұм есінен танып, құлаған.

    Кейінірек сахнаға "Ирина Кайратовна" тобының мүшелері шығып, жас жігіттің қайтыс болғанын хабарлаған. Бұл видеоны Instagram-дағы "Типичная Астана" қоғамдастығы жариялады.

    "Бұны айту бізге оңайға соқпай тұр. Біздің мобилографымыздың сахнада құлағанын көрген шығарсыздар. Ол қайтыс болды. Өкіншіке орай, бүгін біз концертті жалғастыра алмаймыз. Концертімізге келгендеріңіз, қолдауларыңыз үшін рақмет. Біз сіздерді жақсы көреміз", - деді топ мүшелерінің бірі.

    Бұл жайтқа қатысты Астана қалалық полиция департаменті де пікір білдірді. Полиция 14 қазанда концерт кезінде 21 жастағы мобилографтың сахнада есінен танып, құлағанын растады.

    "Келген жедел жәрдем қызметкерлері оның өлімін тіркеді. Мән-жай анықталып жатыр. Әкімшілік пен концертке келген адамдар бұған түсіністікпен қарап, концерт тоқтатылды", - делінген хабарламада.

    Астанада "Ирина Кайратовна" тобының концертінде мобилограф жігіт қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.