Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада биіктен құлаған үшінші альпинист қайтыс болды

Опубликовано:

альпинист
Альпинист. Көрнекі фото: pixabay.com

Бірнеше күн бұрын Астанада құрылыс алаңында төрт альпинист биіктен құлап, екеуі қаза тапқан болатын. Бүгін ауруханада жатқан үшінші альпинист қайтыс болды, деп жазады Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"1999 жылы туған науқас көптеген ішкі жарақатпен, денсаулығы ауыр жағдайда №2 көпсалалы қалалық ауруханаға шұғыл түрде жатқызылды. Оған барлық қажетті хирургиялық ем жасалды. Осыған дейін науқастың денсаулығы ауыр жағдайда болды.

Бүкіл кешенді емдеу шарасына қарамастан, өкінішке қарай, науқасты аман алып қалу мүмкін болмады", - делінген Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөзі жіберген хабарламада.

Айта кетейік, қазір тағы бір альпинист аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы өте ауыр деп бағалануда.

Естеріңізге сала кетейік, 12 қазан күні Астанада төрт альпинист биіктен құлап, екеуі қаза болды. Қайғылы жайт құрылыс алаңында болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2041234-astanada-biikten-qulagan-usinsi-alpinist-qaitys-boldy/

pixel