Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда баланың қолы шойын батареяға қысылып қалды

Опубликовано:

Батареяға қолы қысылып қалған бала
Батареяға қолы қысылып қалған бала. Фото: instagram.com/qostanai_tjd

Қостанайда 9 жасар бала шойын батареяға қолын тығып, кейін шығара алмай қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық ТЖД-ның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

Ведомство хабарлауынша, кеше 23 қазанда сағат 21:15-те 112 нөміріне әйел хабарласқан. Ол 9 жасар баласының шойын батареяға қолын тығып, кейін шығара алмай қалғанын айтқан.

"Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу көрсетілген мекенжайға барды. Мамандар барлық қажетті әрекетті жасап, батареяны да зақымдамай күнбағыс майын қолданып, баланың қолын босатып алған", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыда 3 жасар баланың қолы эскалаторға қысылып қалғанын жазған едік.

Сондай-ақ Шымкентте ет тартқышқа қолы қысылып қалған үш жасар бала жансақтау бөліміне түскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2042388-qostanaida-balanyn-qoly-soiyn-batareyaga-qysylyp-qaldy/

pixel