Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шахтадағы апат: қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен кездесуде Тоқаев не деді (видео)

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Видеодан кадр: Ақорда

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандыдағы Костенко шахтасындағы апаттан көз жұмғандардың отбасыларымен кездесті. Президент марқұмдардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
"АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа инвесторына қандай талаптар қойылады

Тоқаев Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада болған өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасылары және туған-туыстарымен кездесіп, көңіл айтты.

Сондай-ақ қаза тапқан және зардап шеккен азаматтардың отбасылары ешқандай мұқтаждық көрмеуі үшін үкімет, әкімдік және қайырымдылық ұйымдары жан-жақты көмек көрсетінін жеткізді.

Қарағандының Костенко атындағы шахтасында болған апат

Еске сала кетсек, бүгін Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында жарылыс болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты. Мемлекет басшысы үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Артынша мемлекет басшысы апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орнына барды.

Тоқаев 29 қазанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Соңғы мәліметтер бойынша қазір 32 адамның денесі табылды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды. Сонымен қатар үкіметке "АрселорМитталТеміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Кейін үкімет "АрселорМиттал Теміртау" компаниясын мемлекет пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталып жатқанын хабарлады. Одан бөлек, оқиға орнына премьер-министр Әлихан Смайылов, Төтенше жағдайлар министрі Серік Шәріпханов барды.

Сондай-ақ Бас прокуратура Костенко атындағы шахтадағы өрт фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2042962-saxtadagy-apat-qaza-tapqan-kensilerdin-otbasylarymen-kezdesken-toqaev-ne-dedi-video/