Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев шахтада жарылыс болған Қарағанды облысына барды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орын алған жерге келді, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында.

Еске сала кетсек, бүгін Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында жарылыс болып, салдарынан 21 адам қаза тапты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты.

Мемлекет басшысы үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.

Сонымен қатар үкіметке "АрселорМитталТеміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Кейін үкімет "АрселорМиттал Теміртау" компаниясын мемлекет пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталып жатқанын хабарлады.

Одан бөлек, оқиға орнына премьер-министр Әлихан Смайылов, Төтенше жағдайлар министрі Серік Шәріпханов барды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2042937-toqaev-saxtada-zarylys-bolgan-qaragandy-oblysyna-bardy/

pixel