Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда қызға кеңсе пышағымен шабуыл жасады деген күдікпен тұрғын ұсталды

Опубликовано:

Кеңсе пышағы
Кеңсе пышағы. Көрнекі фото: pexels.com

Талдықорған полицейлері қызға кеңсе пышағымен шабуыл жасады деген күдікпен 35 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Telegram-дағы ІІМ ресми жаңалықтары арнасы.

Желіде жәбірленушінің атынан жарияланған жазбада 27 қазанда Талдықорғанда оған бұрынғы жігіті шабуыл жасағаны айтылған.

"Ол менің тамағымды осып жіберді, кейін жедел жәрдем келіп, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, Талдықорғандағы көпсалалы ауруханаға жеткізді", - деді жәбірленуші.

Оның айтуынша, дәрігерлер жарақат алған жерін тіккен соң бір жарым сағат жансақтау бөлімінде жатқан. Кейін жағдайы ауыр болса да айғақ беру үшін ІІБ-ға жеткізілген. Бойжеткен күдіктінің бір тәулік бойы жасырынып жүргенін, кейін ұсталғанын, екі күннен кейін оны босатып жібергенін атап өтті.

Жәбірленушінің сөзінше, ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі (Суық қаруды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған бұзақылық әрекеттер) бойынша іс қозғалған. Алайда ол күдікті өзін өлтіруге оқталды деп санайды.

Бұл оқиғаға қатысты ІІМ пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, жәбірленушінің 35 жастағы танысы қазіргі уақытта полицияға жеткізілген.

"Тергеуші істі ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігі (Адам өлтіруге оқталу) бойынша қайта саралап, прокурормен келісілді", - делінген хабарламада.

Тергеуді облыстық полиция департаменті бақылауға алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2043967-taldyqorgan-policeileri-qyzga-kense-pysagymen-sabuyl-zasady-degen-kudikpen-turgyndy-ustady/

pixel