Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында әйел ер адамды жүк көлігінің астына итеріп жібергені түсірілген видео пайда болды

Опубликовано:

Жүк көлігі
Жүкі көлігі. Көрнекі фото: pixabay.com

Желіде әйелдің ер адамды көлік жолына итеріп жіберген сәті түсірілген жантүршігерлік видеосы пайда болды. Салдарынан жүк көлігі жолға шығып кеткен адамды қағып кеткен. Оқиға Алматы облысында Алматы-Бішкек тас жолында болғаны айтылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ер адамды жүк көлігінің астына итеріп жіберді. Оқырманның айтуынша, оқиға Алматы облысы "Алтын Орда" базарында болған", - деп жазылған видеоның сипаттамасында.

Облыстық полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне берген жауабында оқиға 30 қазанда болғанын мәлімдеді. Әйелдің іс-әрекеті салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды.

"2023 жылғы 30 қазанда Қарасай аудандық полиция басқармасына Алматы-Бішкек тас жолында Volvo жүк көлігінің жүргізушісі белгісіз ер адамды қағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Тексеру кезінде әйел ер адамды жүк көлігінің астына итеріп жібергені анықталды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Аталған дерек аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша тіркелді.

Жедел іздестіру шаралары барысында 1963 жылы туған әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданындағы жолдардың бірінде жеңіл көлік әйел мен баланы қағып кеткені туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2045521-altyn-orda-bazarynyn-manynda-er-adamdy-zuk-koliginin-astyna-iterip-zibergen/

pixel