Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте екі жастағы баланы терезеден лақтырып жіберді деген күдікпен оның туысы қамауға алынды

Опубликовано:

Терезе
Терезе. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте екі жасар бала терезеден құлап кетті. Оқиға 23 қараша күні сағат 21.00 шамасында болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әл-Фараби ауданы Ғ. Иляев көшесінің бойында 4-қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің төртінші қабатынан екі жасар бала құлап кеткен.

Полиция департаменті мәліметінше, баланы психоневрологиялық диспансерде есепте тұратын туысы терезеден лақтырған. Зардап шеккен сәби 2021 жылы туған.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметі баланы Шымкент қаласындағы Түркістан облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізген. Дәрігерлер баланың жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Аталған оқиға бойынша Шымкент қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. 40 жастағы күдікті қамауға алынған. 

"Оқиға орнына шұғыл полиция қызметкерлері мен прокурорлар барды. Аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3 бөлігі, 99-бабы "адам өлтіруге оқталу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. 40 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде",- деп мәлімдеді Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2047465-symkenttke-eki-zastagy-balany-terezeden-laqtyryp-ziberdi-legen-kudikpen-onyn-tuysy-qamauga-alyndy/

pixel