Оралда басына кірпіш түскен әйел қайтыс болды
Жарияланған күні:
26 қарашада, жексенбіде Орал қаласында қайғылы оқиға болып, әйел қаза тапты. Оның басына кірпіш түскен, деп хабарлайды "Мой Город" басылымы.
Орал полиция басқармасы өкілдері журналистерге қайғылы оқиға Назарбаев даңғылында сағат 14:35-те болғанын хабарлаған.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, әйел Назарбаев даңғылындағы №236 үйдің маңынан өтіп бара жатқанда, оның басына кірпіш құлаған. Алған жарақатынан қала тұрғыны оқиға орнында қайтыс болған.
Қазіргі уақытта тергеу-жедел тобы мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қайғылы оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтап жатыр.
Еске салайық, қарашаның ортасында Сәтбаевта бес қабатты ғимараттың карниз бөлшегі әйелдің басына түсіп, жәбірленуші шұғыл түрде ауруханаға жатқызылған еді.
Сондай-ақ Таяуда Тараздың аяғы ауыр әйелдің басына бағдаршам құлағанын хабарлаған едік. Болған оқиғада бағдаршамды соққан көлік жүргізушісі кінәлі болған еді. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2047689-oralda-basyna-kirpis-tusken-aiel-qaitys-boldy/