Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда хостелден шыққан өрт: тағы 2 адам зардап шекті

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: Алматы ТЖД

30 қарашада таңғы уақытта Әди Шәріпов көшесіндегі хостелден өрт шықты. Сағат 08.00-дегі жағдай бойынша зардап шеккен 2 адам Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

"Науқастың бірі көмірқышқыл газымен улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды, жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты.

Екінші науқас барлық тексеруден кейін ұсыныстармен амбулаторлық емдеуге жіберілді", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, барлық зардап шеккен адамға толық көлемде қажетті медициналық көмек, соның ішінде психологиялық көмек көрсетіледі.

Өрт орнына 7 жедел медициналық қызмет бригадасы жұмылдырылды.

Айта кетейік, 30 қарашада сағат 05:33-те Алматы қаласы Ади Шәріпов көшесіндегі жатақханадан өрт шығып, салдарынан 13 адам қаза болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2048320-almatydagy-ort-tagy-2-adam-zardap-sekti/

pixel